|
«Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қарусыздану әлемінің көшбасшысы» фотоқұжаттық көрме және тақырыптық конференциясы 2014 жылдың 12 кыркүйегінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде (Семей қ.) «Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қарусыздану әлемінің көшбасшысы» атты құжаттық көрменің салтанатты ашылуы болды.
Фотоқұжаттық көрме экспозициясы 5 бөлімнен тұрады:
Аталмыш көрмеде ҚР Президентінің Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы жарлығы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың полигонның жабылуына орай Қазақстан халқына жолдауы, КСРО халық депутаты Н.Ә. Назарбаевтың КСРО халық депутаттарының съезінде (1989) сөйлеген сөзі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Семей облыстық партия-шаруашылық активінде (1989) сөйлеген сөзі, Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаевтың КСРО Жоғары Кеңесіне, КСРО Министрлер Кеңесіне, КОКП ОК-не «Семей полигонында ядролық қарудың сынақтарын толықтай тоқтату туралы» хаты (1990), сынақ алаңдарының орналасу карта-схемалары, 1949-1990 жж. аралығындағы ядролық жарылыстардың нәтижелері жөнінде анықтамалар, ақпараттар, фотоқұжаттар, Семей облыстық партия комитетінің КОКП ОК-не хаттары мен жеделхаттары, медициналық және әлеуметтік хаттар, дәрігерлер комиссиясының ақпараттары, ядролық сынақ зардаптары туралы жергілікті билік органдарының хаттары, «Невада-Семей» қозғалысының плакаттары, фотоқұжаттары халық назарына ұсынылды.
Көрменің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысынан ҚР Парламент Сенатының депутаты Т.Ж.Абайділдин, ҚР Президенті Мұрағатының директоры Б.Ә.Жапаров, Семей қаласының әкімі А.М.Кәрімов, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Ш.А.Әмірбеков, «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалысының вице-президенті С.У.Картоев, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Э.Ғ.Батырбеков, ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Д.Ю.Кавригин, соғыс және еңбек ардагерлері, ғалымдар, тарихшылар, «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалысының белсенділері, мұрағат қызметкерлері, мұражай, кітапхана басшылары, жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттері шақырылды.
Көрменің салтанатты ашылуы және қызыл лентаны қию рәсімі Шығыс Қазақстан облысынан ҚР Парламент сенатының депутаты Т.Ж.Абайділдин мен ҚР Президенті мұрағатының директоры Б.Ә.Жапаровқа ұсынылды.
|