|
«Еңбек күні» мерекесі 2014 жылы 30 қыркүйекте Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы Қазақстан Республикасында тұңғыш рет аталып өтілетін «Еңбек күні» мерекесі мен «Қарттар күні» мерекесін атап өтті. Ұжымды аталмыш мейраммен мұрағат директоры Қасымова Г.Т. құттықтап, қызметкерлерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар ардагер мұрағатшылардың мұрағат ісін дамытуда атқарған еңбектерін атап өтіп, жылы лебізін білдірді.
|