Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Физика-математикалық бағыттағы мұғалімдердің тамыз секциясы

2017 жылдың 23 тамызда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Өскемен қаласының педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында«№3 мектеп-лицейі» КММ негізінде «Математика, физика және информатика пәндерін оқытуға қойылатын жаңа талаптар» тақырыбында білім беру мазмұнын жаңарту негізінде физика-математика бағытындағы мұғалімдердің секциялық отырысы болып өтті.
Секция аясында білім беру мазмұнын қалыптастырудың жаңа әдістері, білім беру мақсаттары, күтілетін нәтиженің талаптары таныстырылып, оқу үрдісі ұйымының, заманауи сабақтың жаңа форматының, инновациялық технологияларды қолданудың өзекті мәселелері талқыланды.
Секция жұмысының пленарлық бөлімінде ҚМК әдіскері А.З.Нүрпенсова 2016-2017 оқу жылына математика, физика және информатика бойынша білім беру үрдісінің сапасын арттыруда ЖМБ мұғалімдерінің ҚМБ жұмысына талдау жасап, «Ахмер орта мектебі» КММ-нің ФМБ мұғалімдері қауымдастығының төрайымы А.Ю.Петруха «Қызметті үйлестіру қауымдастығының рөлі және қаланың ФМЦ мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында, «№10 мектеп-гимназиясы» КММ–нің «ТМУМ» шығармашылық топ жетекшісі Э.Ш.Чуембаева «Қаланың ФМЦ мұғалімдерінің көшбасшылығын дамытуда «ТМУ_МИФ» қызметінің мәні» тақырыбында сөз сөйледі.
Математика, физика және информатиканың 3 секция жұмысы барысында модераторлар А.Ю.Петруха, О.А.Григорьева (№30 орта мектебінің математика пәні мұғалімі), З.К.Қадырова (№ 45 орта мектебінің физика мұғалімі), Е.В.Титова (№11 мектебінің физика мұғалімі), О.Ю.Винокурова (№11 мектебінің информатика мұғалімі) Г. Баирова (№3 мектебі) шеберлік сыныптарын, тренингтер, тәжіиребелік сабақтар өткізді.
Секциялық отырысқа қатысушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша барлық материалдарды электрондық нұсқада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Секциялық отырыс жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

  • Физика-математикалық бағыттағы мұғалімдердің тамыз секциясы
  • Физика-математикалық бағыттағы мұғалімдердің тамыз секциясы
  • Физика-математикалық бағыттағы мұғалімдердің тамыз секциясы
  • Физика-математикалық бағыттағы мұғалімдердің тамыз секциясы