Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

ҰБТ-ға дайындық  басты назарда

2018 жылдың 18-19 қаңтар күндері Өскемен қаласының білім беру бөлімі «Достык» БО және «EduCon» компаниясымен бірлесіп 10-11 сынып оқушыларына, ата-аналарға, сондай-ақ қала мектептерінің басшылары мен мұғалімдеріне жан-жақты қолдау көрсету мақсатында жаңа форматтағы ҰБТ ерекшеліктерін таныстыру бойынша іс-шаралар өткізді. 

«№ 11 мектеп-лицейі» КММ базасында математика және қазақ тілі мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өткізілді. «EduCon» компаниясының математика бойынша бас маманы Дамир Қожахметов «Математикалық сауаттылық бойынша есептерді шешу әдістері» тақырыбында, қазақ тілі және мәнерлеп оқу бойынша бас маман Айдос Жұманазаров тақырыбы «Мәтіннің негізгі ойы мен мәтіннің тақырыбы» шеберлік сыныбын өткізді. Семинарға қаланың барлық мектептерінің мұғалімдері қатысты. Шеберлік сыныбының соңында қатысқан мұғалімдер математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығына тестік тапсырмалардың ерекшеліктерімен танысып, тапсырманы шешудің оңтайлы тәсілін қарастырғанын айтты.

 «EduCon» компаниясының өкілдері жалпы білім беретін мектептердің басшыларымен, бітіруші сыныптың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер көптеген қосымша ақпараттар алып, түлектердің ҰБТ дайындығына арналған материалдарға қол жеткізді.