Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің № 47 жалпы білім беретін мектебінің ашылу салтанаты

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 47  жалпы білім беретін мектебінде» Білім күніне орай «Сәлем саған, мектебім !» атты салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты жиын ҚР мемлекеттік туының астында сап түзеген мектеп оқушылары мен ұстаздардың Мемлекеттік гимнді орындауымен басталды.

Алғашқы құттықтау сөзді алған мектеп директоры Р.А. Мұхтарханова, өз кезегінде сөз алған салтанатты жиынның қонағы Қалалық Білім беру бөлімінің әдіскері Л.М. Мадиярова мектеп ұжымын және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жаңа білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған 1сынып оқушылары өлең шумақтарын оқыса, мектептің жас әншілері әннен шашу шашты.

Жас өрендерді білім әлеміне шақырған алғашқы қоңырау мерекесі «Мен  - елімнің патриоты» тақырыбындағы білім сабағымен жалғасты.