Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Білім күніне орай Өскемен қаласының барлық мектептерінде салтанатты жиындар өтті

2 қыркүйек күні Өскемен қаласының барлық мектептерінде салтанатты іс-шаралар өткізілді. Білім күні балалар мен ата-аналар үшін, әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндердің ата-аналары үшін мерекеге айналды. Сыныптастар ұзақ демалыстан алған өз әсерлерімен бөлісіп, бір-бірімен қуана қауышты. Әдеттегідей жиынның басты кейіпкерлері болашақ түлектер мен бірінші сынып оқушылары болды.

Алғашқы қоңырау соғылғаннан кейін барлық мектеп оқушылары сыныптарға тарады. Биыл оқушылардың алғашқы сабағы «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбына орайластырылды.