Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Отбасылық жәдігер

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстан тұрғындары Отбасы күнін мерекелейді. Отбасы  – жылы, нәзікжәне сонымен қоса өте мықты түсінік.Отбасы  – бұл біздің әлеміміз! Отбасы – бұл біздің тыныштығымыз! Отбасы – бұл біздің болашағымыз! Біз бен сіздің балаларымыз бізге  жасаған болашақ. Мереке құрметіне «Отбасын және балалықты қолдау орталығы» КМҚК жыл сайын «Отбасылық жәдігер» сайысын ұйымдастырады. Бұл мерекені біз 10 жыл қатарынан жылы отбасылық ортада атап өтудеміз!

Іріктеу кезеңі 25 тамызда басталып, 35 қатысушы отбасына отбасы үшін «құнды» заттарды көруге және өз отбасы үшін оның маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді. Отбасылар өздерінің эсселерінде сал-дәстүрлер, қазіргі отбасылық өмірге жеткен ата-бабаларының тәжірибелері туралы айтты.

15 қыркүйекте финалға шыққан 7 отбасы шай үстіндегі әңімеге қатысып, «Әжелерінің сандығынан» ең қымбат және құндыларды алып, тәжірибелерімен бөлісті,  мемлеке және отбасы тарихындағы құнды заттардың маңызын талқылады.Сондай-ақ сайыстың барлық қатысушылардың жұмыстарымен көрме ұйымдастырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша орындар келесі ретте бөлінді:

Гран-при: Богдатовтар отбасы

1 орын -  Грушкиндер отбасы

2 орын - Картуновтар отбасы

3 орын  - Жулдызхановтар отбасы

Номинациялар:

«Жүрекке жақыны» - Кузминс отбасы

«Бабамыздан сыйға қалған сәттілік» - Цих отбасы

«Сыйланған үміт» - Бахбергеновтер отбасы

Барлық отбасылар Отбасын және балалықты қолдау орталығынан мақтау қағазы мен құнды сыйлықтар алды.

Барлығына қатысқандары үшін алғыс білдіреміз! Жаңа жетістіктер тілейміз!