Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Тағы да үздіктер қатарында!

21-30 тамыз аралығында Францияның Ницца қаласында IESO 2017 халықаралық олимпиада Өскемен қаласының Жас техниктер станциясының «Жас геолог» үйірме бірлестігінің тәрбиеленушісі Смирнов Глеб жеке сынақ бойынша қола жүлдегер атанды. Жас ғалым қола медальға 2 жазбаша мен 4 практикалық тестен жоғары жиынтық балл жинау арқылы қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 14 қаңтар күні Астана қаласында IESO 2017 халықаралық олимпиадасының іріктеу турнирінің  2 және 3 кезеңінде Смирнов Глеб жоғары балл жинап, ақтық сынға жолдама алды. Өскемен қаласының Жас техниктер станциясы «Жас геолог» үйірмесінің жетекшісі Кучерина Наталья Петровнаның бастамасымен «Environmental issues in Kazakhstan» тақырыбындағы презентациясын ағылшынтілінде сәтті қорғаған Глеб, Қазақстанның үздік жас геологтардың төрттігіне енген. Енді міне, халықаралық дәреже де Жер ғылымдарынан терең білімін ортаға салып қана қоймай, көшбасшылық қасиеттерін де көрсете білді.

Жыл сайын өтетін International Earth Science Olympiad (Жер туралы ғылымдар бойынша Халықаралық Олимпиада) бүкіл әлемдегі геология, геофизика, метеорология, океанография, астрономия сияқты ғылымдарға қызығатын жасөспірімдерді анықтап, болашақ мамандыққа жол ашып беруге септігін тигізеді. Бұл олимпиаданың қатысушылары өз білімдері мен біліктіліктерін ортаға салып қана қоймай, дүниетанымдарын арттыруға, ағылшын тілдерін жетік меңгеруге, өзге елдердің өкілдерімен танысып, достық қарым қатынас ортнатуға мүмкіндік  алады. Жас геологтардың білімдерін  Жапония, АҚШ, және Австралия университеттерінің профессорлары бағалады.

Айта кететін болсақ, Смирнов Глеб  өзінің білімін және біліктілігін талай додаларда көрсеткен - жас геолог. Жас техниктер станциясының «Рудный Алтай» команданың мүшесі болып, Татарстан Республикалық жас геологтардың үшінші ашық далалық олимпиадасында  «Палеонтология» жарысында 36 қарсыластарынан оза шауып жеңімпаз атанған еді. Қазақстан Республикалық төртінші ашық далалық олимпиадасында да 21 жас гелогтарды артта қалтырып, «Палеонтология» мен «Геологиялық кескін» бағыттары бойынша бас жүлдені қанжығасына байлап қайтқан еді. Сол жарыста «Геологиялық бағыт» бағытында да  команда құрамында болып, 1 орынды жеңіп алуға үлкен септігін тигізді.