Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Киелі Алтай – менің Отаным» жазғы тарихи-археологиялық мектеп жұмысына қатысу туралы

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2017 жылдың 23-28 шілде аралығында Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК «Жас геолог» үйірмесінің 12 оқушысына «Туған жер» бағдарламасын және «Қазақстанның рухани құндылықтары» жобасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстанның ежелгі кешендерінде «Киелі Алтай – менің Отаным»  атты Жазғы тарихи-археологиялық мектеп өткізді. Жазғы мектеп жастарды ғылыми-практикалық зерттеулерге тарту, рухани бай, жауапты, адамгершілігі мол, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеу сияқты маңызды идеяларды жүзеге асырудың тиімді механизмі болып табылады.  Мектеп жұмысы аясына қатысушылар Пазырык мәдениетінің ескерткіштерімен танысты, дала археологиялық зерттеулерінің негізгі әдістерін меңгерді, тарихи нысандырды тазалауға қатысты. Атақты Берел қорғандарын алғаш ашқан археология институтытынң директоры, т.ғ.д. Самашев Зайнолла Самашевич Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған дәріс оқыды. Ғылыми-практикалық жұмыспен қатар қала мектептерінің оқушылары Рахман қайнарлары мен Язевое көліне саяхат жасады, ежелгі жартастағы жазулармен танысты, Сохатушка тау өзенінің шатқалына бір күндік жорыққа шықты. Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының бірегей ландшафтары, Мұзтаудың керемет көрінісі, атақты Берел қорғандары мәңгі балалардың есінде қалатыны сөзсіз.   Біз,  жас геологтар Самашев Зайнолла Самашевичқа, Кариев Елдос Мақсатовичқа, Өтегенова Меруерт Еркіновнаға  көп алғыс білдіреміз!