Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мәңгілік Ел» білім беру – тәрбиелеу орталығының...

«Мәңгілік Ел» білім беру – тәрбиелеу  орталығының «Жас Азамат» оқыту курсы аясында өткізілген «Құқықтық бағыт» коучингі туралы хабарлама.

«Рухани жаңғыру» және  «Мәңгілік Ел» бағдарламаларын жүзеге асыру  мақсатында қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша, 2017 жылдың 4 қазанында оқушылар шығармашылық сарайында «Мәңгілік Ел» білім беру – тәрбиелеу  орталығының «Жас Азамат» оқыту курсы аясында өткізілген «Құқықтық бағыт»коучингі өткізілді.

Қазіргі уақытта өскелең ұрпақ әлеуметтің ең осал бөлігі болып саналады. Осыған байланысты, аталған коучингті өткізу мақсаты Қазақстан Республикасында  балалар құқығы бойынша заңнама туралы жасөспірімдерді ақпараттандыруды көтеру мүмкіндігі болып табылады.

Коучингте белсенді ойын үлгілері және жаттығулар арқылы Қазақстан Республикасында әрекеттегі заңнамаға сәйкес, балалардың міндеттері мен құқықтары айтылды.  Коучинг сияқты әдістің бірегейлігі оқыту емес, оқытуға көмектесу болып табылады, яғни әр бала өз тұлғасының даму кезеңін бағалай отырып, жетілдіру бағытын таңдау арқылы өз дамуын басқаруға септігін тигізеді. «Құқықтық бағыт» коучингінде балалардың құқықтық тәртіп дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін үрдіс ұйымдастырылды.

Коучингте №1, 4, 5, 6, 11, 12, 13,  14, 15, 16, 20, 23, 24, 26, 27, 35 мектептерінің 8-10 сынып оқушылары арасынан 30 оқушы қатысты. Қатысқан балалар мектеп басқарудың өкілдері болып табылады және алған білімдерін мектептің басқа оқушыларын сенімді жеткізеді.