Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слетін ұйымдастыру

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша Кешенді жоспарға сәйкес, 2017 жылдың 26 қыркүйек күні Өскемен қаласының білім беру бөлімі Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасымен бірлесіп Оқушылар шығармашылық сарайында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слетін ұйымдастырып, өткізді.

Байқау слеті аясында қалалық сырттай тур өткізілді. Түрлі аталым бойынша оқушылар арасындағы жеңімпаздар:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы «Үздік сурет» аталымының: 

1)                7 мен 9 жас аралығында – Матяшева Мария, Яковлева Екатерина (№ 10 мектеп гмназиясы), Жұлдызкан Аружан, Никулина Мария (Меновной мектебі).

2)                10 мен 13 жас аралығында - Бедарева Виктория (№ 2 орта мектебі), Жақсылық Айкүн (№ 20 орта мектебі), Даулетканова Б. (№ 46 орта мектебі).

3)                14 пен 17 жас аралығында - Красильников Антон (№ 9 орта мектебі), Ворошкина Ксения (№ 10 мектеп гимназиясы), Ларионова Мария (№ 23 орта мектебі), Стукалова Елизавета (№ 34 мектеп лицейі), Подзорова Софья (№ 37 орта мектебі) жеңімпаз атанды.

 «Біз жарқын болашақ үшін» тақырыбындағы «Үздік бейнеролик» және суреттердің сырттай байқауының қорытындысы бойынша:

1-орынды – «А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ клубы

2-орынды – «№ 27 орта мектебі» КММ клубы, «Меновной орта мектебі» КММ клубы

3-орынды – «№ 36 орта мектебі» КММ клубы, «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 мектеп гимназиясы» КММ клубы иеленді.

Аталымдар  – «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ, «Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ, «№ 34 орта мектебі» КММ, «Крупская атындағы Толық емес орта жалпы білім беретін мектебі» КММ клубтарына берілді.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының I облыстық слет жұмысына Шығыс Қазақстан облысы аудандарының командалары және Өскемен қаласының мектеп клубтары қатысты. Олар: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық комитетінің «Көшбасшы» клубы және «А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ-нің «Қолыңды таза сақта» клубы.

Облыстық слет қорытындысы бойынша барлық клубтар түрлі аталым бойынша аталынып өтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы «Үздік сурет»  аталымы бойынша  «А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ оқушысы Жақсылық Айкүн жеңімпаз атанды.