Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының "Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер...

Өскемен қаласының "Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы комитетінің Құрылтай конференциясы туралы ақпарат

2017 жылдың 05 қазанында Өскемен қаласының "Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы комитетінің Құрылтай конференциясы Оқушылар шығармашылық сарайының көрермендер залында өтті.

Құрылтай конференциясына 36 мектеп комитеті қатысты,  қатысушылардың жалпы саны-140. Конференцияда Өскемен қаласының РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ  қалалық комитеті  Төрағасының сайлауы өтті. Таңдау туры бойынша 2 үміткер финалға өтті: Борисова Алиса – №30 орта мектеп, Сарсенбекұлы Рахат -  № 20 орта мектеп.  

Әр үміткер өзінің жасұландық бейінін лайықты таныстырды. 2016-2017 оқу жылы республикалық, облыстық, қалалық деңгейде жеткен жетістіктері, мектептегі табысы, «Жас Ұландағы жұмыстың менің өмірімдегі рөлі» тақырыбында сөз сөйлеп, үміткер бағдарламасынан бөлек, көшбасшының өмірлік ұстанымы туралы айтылып, үміткердің қысқаша өмірбаяны слайд-тұсаукесер үлгісінде таныстырылды. Сонымен бірге үміткерлерге ұсынылған үлгіде сұрақтар қойылды.

Төралқаға Өскемен қаласы әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ ақпараттық секторының меңгерушісі Ш.Т. Мусабаева, №14 орта мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары  А.К. Курмангалиева және Өскемен қаласы білім беру бөлімінің әдіскері – Д.Ж. Нурмухамбетова қатысты.

 Құрылтай конференциясының дауыс беру қортындысы бойынша шешім қабылдады: 2017-2018 оқу жылы  РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ қалалық комитеті Төрағалығына №20 орта мектеп оқушысы Сарсенбекұлы Рахат сайланды.

 «Жас Ұлан» қалалық комитетінің фестивалінде қызметіне  ресми түрде кіріседі.