Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңартуда 1, 2, 5, 7 сыныптарда пәндерді оқыту

2017 жылдың 4 қазан күні «Өскемен қаласы білім беру бөлімі» ММ негізінде «Білім беру мазмнын жаңарту. Шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары Е.А. Марченко, С. А. Аскарова және Қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері қатысты. Дөңгелек үстел отырысында 1, 2, 5, 7 сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пәндерді оқыту мәселесі талқыланды. Қатысушылар аталмыш мәселеге және оны шешу жолдары жөніндегі өзекті мәселелерге айрықша мән берді.