Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мәңгілік Ел ұландары»  ту ұстаушы топтардың қалалық байқауы туралы мәлімет

13 қазанда, сағат 16.00 Оқушылар шығармашылық сарайының спорт залында  Өскемен қаласы мектептерінің РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ комитеттерінің ту ұстаушы топтарының байқауы өткізілді.

Бұл байқауға Өскемен қаласы  мектептерінің РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ комитеттерінің ту ұстаушы топтары, ұланбасы және кураторлар қатысты.     

Басты ұйымдастырушылар болып қалалық білім беру бөлімі, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК, Өскемен қаласының РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ комитеті, Өскемен қаласының әскери-патриоттық клубтарының ассоциациясы табылды. Байқауға   қала мектептерінің  26 ту ұстаушы топтары қатысты. Қазылар алқасы берілген ереже бойынша бағалау жүргізді( бірыңғай форманың болуы,  «Жас Ұлан»  туы қойылған  стандартқа сәйкес болуы, саптық дайындығы бар ту ұстаушы топтар).

Сайыс қортындысы 26 қазанда, Оқушылар шығармашылық сарайында өтетін  РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ фестивалінде жарияланады.