Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жаңартылған бағдарлама бойынша 5,7 сыныптарға беретін математика пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар-практикум

Білім беру бөлімінің жоспары бойынша 2017 жылдың 18 қазан күні «№ 34 мектеп-лицейі» КММ негізінде «Критериалды бағалау» бойынша қалалық семинар өтті. Семинарға биылғы жылы жаңартылған бағдарлама бойынша қала мектептерінің 5, 7 сыныптарына беретін математика пәнінің мұғалімдері қатысты. 

Семинарға Өскемен қаласының ПШО жаттықтырушысы Е.А. Марченко қатысып, ол оқушыларды бағалау бойынша жаңа талаптарды таныстырды.

Жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі, 1-ші дәрежелі сертификатқа ие мұғалім А.Ю. Куликова «Формативті бағалауды қабылдау арқылы оқушылардың рефлексті білімін дамыту» тақырыбында қызықты шеберлік сыныбын өткізді. 

Мұғалімдер топпен жұмыс істей отырып, өзін-өзі және өзара бағалаудың оң жақтарын айтып, формативтік бағалаудың басқа да стратегияларымен танысты.

Семинарда мұғалімдер БСБ және ТСБ жүргізу бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Математика пәнінің мұғалімдері семинардың практикалық маңызын атап өтіп, жоғары баға берді.