Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

11 сыныптың математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық сауаттылыққа есептерді талдау» атты семинар-практикумы

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары бойынша 2017 жылдың 11 қазан күні «№ 36 орта мектебі» КММ негізінде мектеп түлектерін қорытынды аттестацияға дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында 11-сыныпқа математика пәнінен беретін мұғалімдер қатысқан «Математикалық сауаттылыққа есептерді талдау» атты қалалық оқыту семинар-практикумы өткізілді.

Математика пәнінің жоғары санатты тәжірибелі мұғалімі С.М. Звонцова шеберлік сыныбын өткізіп, онда ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша сынама тест тапсырмаларынан математикалық сауаттылыққа есептерді ұтымды тәсілдермен шешу жолдарын көрсетті.

Практикалық есептер талданып, бір және бірнеше дұрыс жауабы бар тесттік есептер, сондай-ақ сәйкестіктегі есептер шығарылды. Мұғалімдерге электронды нұсқадағы семинар материалдары көмек ретінде берілді.   

Семинарға қатысушылар өздерінің әдістемелік және практикалық білімдерін жетілдіре түсті.