Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жас педагог-психологтарға арналған семинар-практикум

2017 жылдың 8 қараша күні «№3 «Балбөбек» балабабақша-бөбекжайы» КМҚК-да қалалық семинар-практикум болып өтті. Оған 35 балабақша мен шағын орталықтың жас педагог-психолог мамандары қатысты. «МДҰ психологиялық қызметінің нормативті құжаттарын жүргізу және есеп беру бойынша практикалық қызмет» атты семинар жұмысында біліктілігі жоғары санатты педагог-психолог Вовченко Надежда Николаевна мектепке дейінгі ұйымның психологиялық қызмет құжаттарын жүргізу бойынша іс-тәжірбесімен бөлісті.

Семинар барысында жас психологтар нормативті құжаттарды әзірлеу, жинақтау және жүргізу, сондай-ақ болашақ жоспарын құру үшін міндеттер жазу, циклограммалар, МҰ психологиялық қызмет есебіне кіретін түзету-дамыту сабағын және басқа да құжаттар жүргізу қағидаларын іс жүзінде меңгерді.