Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубында өткізілген байқау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп әзірлеген «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы» бүгінде қаламызда қарқынды іске асырылып келеді.

Бағдарлама жоспарына сәйкес, біздің мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы ұйымдастырылып, оқушылардың бойында өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар қолға алынуда.  

Осы бағдарлама барысында ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде 8 А сынып белсенділері қалалық «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары арасында өткен сайыстан топ жарып, жеңіске жетіп, облыстық «Жас ұрпақ – Мәңгілік Ел тірегі» жиынына жолдама алды.  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыруға бағытталған мектепішілік байқау 2-10 сыныптар арасында ұйымдастырылды. 2017 жылдың 16 қарашасында біздің мектебіміздің қабырғасында аталған іс-шара өтті. Бұл сайысқа бастауыш буын оқушылары «Сыбайлас жемқорлықсыз балалық» тақырыбында, қиялдарын ұштап, сурет салып әкелсе, орта буын «Сенің «ЖОҚ» деген ойың маңызды» тақырыбында театрланған қойылымда өнерлерін көрсетті, ал жоғары буын оқушылары «Сыбайлас жемқорлыққа бәріміз қарсымыз» үгіт бригада әзірледі. Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жастар бастамаларын қолдау секторының басшысы Қайсарбеков С.Б., ата-аналар кеңесінің мүшесі Ахатова Г.У., мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Байгудеева Ж.Е., қалалық Жас ұлан кеңесінің мүшесі Амангелді О., «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының белсенді мүшесінен құрылған әділ қазылар алқасы сайысқа төрелік жасады: Сайысқа қатысушылар шараға белсене қатысып, жалынды ұрандарымен жемқорлыққа қарсы насихат жүргізіп, өмірде кездесетін жағдаяттардан үзінділер келтіріп, астарлы мазмұнды қойылымдар көрсетті. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды. Бұл шарадан оқушылар ерекше әсер алып, мақсатты нәтижелерге жету үшін, сыбайлас жемқорлықты емес, өз мүмкіншіліктерін пайдалану қажеттігін, әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтау керектігіне тағы бір мәрте көздері жетті.

Қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеу, жоғары өнегелі, жауапты, ынталы, әлеуметті құзіретті азаматты және патриотты қалыптастырып, дамытуға бағытталған бұл шара өз мақсатына жетті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жоспар бойынша әлі де атқарар жұмыстары алда.