Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Балаларға эстетикалық тәрбие беру бойынша музыкалық жетекші жұмысындағы инновациялық бағыт» тақырыбында қалалық семинар

Өскемен қаласы әкімдігінің «№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК-да 2017 жылғы 14 қарашада «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес тәрбиелеу-оқыту үрдісінің сапасын арттыру мен оңтайландыру мақсатында кіріктіру принципін қолдана отырып, балаларға эстетикалық тәрбие беру бойынша музыкалық жетекші жұмысындағы инновациялық бағыт» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарға қаланың 40 шақты музыкалық жетекшілері мен хореографтары қатысты. Музыкалық жетекші Богушевич О.В. мен хореограф Лаас Г.С. балабақшада ұйымдастырылған оқу қызметі мен мерекелерді ұйымдастыру мен өткізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.