Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қауіпсіз автобус» акциясы

Өскемен қаласының әкімдігінің «№ 24 балалар өнер мектебі» КМҚК оқушылары мен мұғалімдері ұжымы «Қауіпсіз автобус» акциясына қатысты.

Бейнелеу өнері мен сәндік-қолөнер мұғалімдерінің басшылығымен балалар әртүрлі техникада жолаушылар тасымалы туралы ойларын жеткізді.

Сурет және қолөнер бұйымдары «Солнышко» студиясының оқытушысы Л.Г.Глушкованың, «Радуга» студиясының оқытушысы В.П.Кузнецованың, «Сувенир» студиясының оқытушысы О.Е.Шелкованың тәрбиеленушілерімен  жасалған. Сурет және қолөнер бұйымдарын № 24 балалар өнер мектебінің 44 тәрбиеленушісі әзірледі.

Хореография сабақтарында жас бишілер «Шёл автобус ярко-красный» атты сергіту жаттығуын өткізді. Ал вокалдық-хор бөлімінің оқушыларына «Весёлый автобус» ойын жаттығуы өте ұнады.