Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 5 сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде түзетуші-дамытушылық жұмыс» тақырыбы бойынша жас мұғалім-психологтарға арналған семинар-практикум

2017 жылдың қараша айында «№13 орта мектебі» КММ «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 5 сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде түзетуші-дамытушылық жұмыс» тақырыбы бойынша жас мұғалім-психологтарға арналған семинар-практикум өтті. Іс-шара барысында мұғалім-психологтар бесінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде қолдану үшін практикалық кеңестер алды, ата-аналар жиналысында ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бойынша кеңестер және жаңартылған білім мазмұны аясында сынып жетекшілермен және пән мұғалімдерімен жұмысты ұйымдастыру бойынша кеңестер алды. Бейімделу кезеңіндегі басты жұмыс «Менің сыныбымның ғаламшары» атты үш кезеңдік бейімделу ойынының түзету сабақтары болып табылады. Бейімделу кезеңіндегі барлық жұмыс нәтижесі педагогикалық консилиумда талқыланады.

Жас мұғалім-психологтар бейімделу кезеңінде өз қызметін ұйымдастыруға көмектесетін әдістемелер «қорын» жинақтады, бесінші сынып оқушыларымен, ата-аналармен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен жұмыс жасаудағы нақты ұсыныстар алды. И.Н. Антипинаның жұмыс тәжірибесін қорыту жас мұғалім-психологтарға мектеп жұмысының психологиялық жолдамасын іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік берді.  Іс-шара жоғары бағаға ие