Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің  «№ 24 балалар өнер мектебі» КМҚК

2017 жылғы 6 желтоқсанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Өскемен қаласының білім беру бөлімінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Халық музыкасының дәстүрін  жаңғырту» атты қазақ халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің фестиваль-байқауы өтті.

Негізгі міндеті - қазақ халық музыка өнерінің мәдени-тәрбиелік, ағартушылық және адамгершілік дәстүрлерін сақтау және шығармашылық дамыту.

Фестиваль-байқау төртінші жыл қатарынан Абай атындағы № 33 орта мектебінің базасында өтті, ал байқаудың бастамашысы - № 24 балалар өнер мектебінің «Асыл мұра» профильдік жобасы болды.

Мерекелік бағдарламаны ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің қонақтары - «Балауса» домбырашылар ансамблі ашты.

Мерекелік атмосфера, құттықтау сөздер, сәндік қолданбалы өнер көрмесінің көрмесі - мұның бәрі фестивальдің ең тұрақты қатысушылардың толқуына да себеп болды.

Ұлттық киімдер киген жас музыканттар аспаптарды күйге келтіріп, өздерінің педагогтарынан соңғы нұсқаулықтар алды. Сахнаға № 3, 13, 14, 20, 24, 33, 35, 44, 45 орта мектептерінің, №1 балалар музыкалық мектебі, № 24 балалар өнер мектебі, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің ұжымдары шықты.

  Балалар оркестрі мен ансамбльдері ата-аналарға, Шығыс ауылының тұрғындарына, қала мектептерінің директорлары мен мұғалімдеріне арнап аспаптық өңдеуде ең үздік күйлерін және халық әндерін орындады.

Жоғары кәсіби әділ қазылар алқасы құрамында болған ұлттық және аймақтық байқаулардың лауреаты, музыканттар одағының мүшесі У. Жунусов, білім беру бөлімінің әдіскері Ж.Н.Тюлюкова, өнер училищесінің дирижерлік ету және аспаптау сыныбының оқытушысы М.А.Мустафин, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ертіс концерт» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы Г.К.Казбекова -  бірауыздан № 45 бейіндік орта мектебінің (жетекшісі Азатбек Орынбек) «Ақжелкен» оркестріне Гран-при атағын берді.

№ 24 балалар өнер мектебінен алғаш рет шыққан «Сазырнай» ансамблі (жетекшісі Құрманғалиева Нұрзат), бірінші орынды иеленді және оны № 1 балалар музыкалық мектебінің қазақ халық аспаптарының оркестрімен (оркестр жетекші Михаил Поварёнкин) бөлісті.

  Сәндік-қолданбалы өнері және музыкалық, хореографиялық шығармашылық арқылы балаларды қазақ өнеріне баулу, отансүйгіштік пен адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу – өскелең ұрпақтың даму векторы болып табылады.