Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жаңартылған  білім  беру бағдарламасы»  атты  семинар

Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ қалалық  білім  беру басқармасының әдіскері М.С.Жондыбаевамен  бірлесе қала мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті  пәндері  мұғалімдеріне  «Жаңартылған  білім  беру бағдарламасы»  атты  семинар өткізді.

Семинар мақсаты:  жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша іс –тәжірибемен  алмасу.

Семинар барысында  мектеп мұғалімдері А.М.Кададанова 5- сынып, Ү.З.Камелова 2- сынып, Г.Т.Альханова  7- сынып  бойынша ашық сабақтар көрсетті.  Сабақ барысында  жаңартылған білім беру бойынша 4 дағдыны  қалыптастырудағы  тиімді  әдіс –тәсілдерді  пайдалану жолдарын  көрсетті.

Семинарға  қатысушылардан  ашық  сабақтар бойынша  кері байланыс жасалып, өз іс –тәжірибелерімен  алмасты,  пікірлерімен бөлісті.

 Семинар өз мақсатына жетті.