Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Күншуақ» балабақша-бөбекжайында өткізілген семинар

Біздің №6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайында 12.12.2017 жылы «Білім беру салаларын кіріктіру қағидасын қолданып, театрландырылған қызмет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік –патриоттық құндылықтарын тәрбиелеуде, тәрбиешілердің жұмысындағы креативті бағыт» тақырыбында қалалық семинар өтті.Семинардың мақсаты: театр іс-әрекетінің элементтерін қолдана отырып, балалардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал ету.

Біздің ең басты құндылығымыз-ол Отанымыз, тәуелсіз Қазақстан. Бүгінгі балабақша бүлдіршіндері ертеңгі еліміздің азаматы, ел патриоты, және тек тәуелсіз елде ғана балалар бейбіт әрі еркін өмір сүре алады, сонымен қатар, олар қоғам мен халықтың ең таңдаулы салт-дәстүрлер негізінде тәрбиеленуі тиіс.

Семинарды тамашалауға келген қонақтардың жүректерінде, кішкентай бүлдіршіндердің әнұранды қалай шырқағандарын, ҚР-ның рәміздерін білетінін көріп, балалардың театр іс-әрекеті барысында драма кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын, бейнелерін сомдағанын, өз ана тілдерінде тақпақ айтқандарын, орыс және ағылшын тілдеріндегі танымдық білімдерін көрсеткенін, өз туған жеріне және Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін тудыратын патриоттық әндерді айтқандарын ести отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін, ең алдымен балабақша басшысы Жаныбекова Т.И және барлық педагогикалық ұжымға деген еріксіз мақтаныш және алғыс сезімдері ұялайды. Баланың жан-жақты және жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетін, адамгершілік-патриоттық тәрбиенің бастауын балалар ең алдымен, осы балабақша табалдырығынан алады.