Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Нұрлы болашақ» атты жастар Форумына қатысуы туралы

2017 жылдың 11 желтоқсанында «ЖасҰлан» ББЖҰ РҚБ мектеп комитеттері мен қалалық Комитеті «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Нұрлы болашақ» жастар Форумына қатысты.

Форумға Өскемен қалалсының ең талантты және жарқын жастары қатысты, олардың арасында түрлі қызмет салаларынан, жастар бірлестіктері, волонтерлік қозғалыстар, шығармашылық ұжымдар, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. 

Форум қатысушыларына құттықтау сөзімен қала әкімінің орынбасары О.А.Булавкина шықты. Өз сөзінде О.А.Булавкина қаланың қоғам өмірінің барлық саласында жастардың ролі артып келетіндігін және Өскеменде әр түрлі санаттағы   астардың  өмірін жақсарту үшін жобалар жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. 

Жастар Форумында 6 номинация бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан белсенді жастар марапатталды.

2016 жылы «Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ қалалық Комитеті «Жыл Жастар ұжымы» номинациясында жеңімпаз болғанын атап өту қажет.