Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  мерекелік шара  «Астана-махаббатым менің!»

16 желтоқсан - біздің мемлекетіміз үшін ең маңызды күн - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Жыл сайын біздің мектептің педагогтары және оқушылары осы айтулы күнге арнап мерекелік  шаралар   ұйымдастырады. Біздің мектепте өнерлі оқушылар өте көп, олардың әрқайсысы өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қошеметіне бөленеді. 14 желтоқсанда «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары №5 Орта мектепте «Астана-махаббатым менің» атты концерттік ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Бағдарламаны Еркін Қуаныш және Ольшанникова  Нина жүргізді. Концерттік бағдарламаны «Жұлдыз» домбырашылар ансамблі ашты. Бағдарламада тек қана ән және би болған жоқ, сонымен қатар көрермендермен бірге ойындар ойнатылды. Концерттік бағдарламада №1,4,5,13,35 және 43 мектептің оқушылары өнерлерін көрсетті. Мерекелік концерт жоғарғы деңгейде өтті. Балалар өнер мектебінің жас әншілері мен бишілерінің көрсеткен өнерлерінен  «№5 Орта мектептің» оқушылары, мұғалімдері және ата-аналары өте үлкен әсер алды. Біздің өнер мектебіміздің жас таланттары өз өнерлерін көрсете отырып, барша көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлай алды.