Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мейірімді» істерді ұйымдастыру: қайырымдылық акциясын жүргізуге волонтерлік топтардың қатысу әдістері мен үлгілері» атты көшбасшылар Кеңесі

2017 жылдың 8 желтоқсанында Өскемен қаласы Білім бөлімінде аталған бөлім бастығының міндетін атқарушы Г.Т.Қыстаубекованың жанында «Мейірімді» істерді ұйымдастыру: қайырымдылық акциясын жүргізуге волонтерлік топтардың қатысу әдістері мен үлгілері» тақырыбында көшбасшылар отырысы өтті.

Отырыста Өскемен қаласы «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер республикалық бірегей Комитетінің өкілдері және Комитет кураторлары қатысты.

Кеңес отырысы барысында: 2017-2018 оқу жылында «Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ қалалық комитетінің төрағасы Рахат Сәрсембекұлы 2017-2018 оқу жылының бірінші жартыжылдығында «Жас Ұлан» қалалық Комитетінің жұмысы жайында айтты, қалалық Жастар мәслихатының депутаты, «Жас Ұлан» қалалық Комитетінің өкілі Темірлан Көксегенов «Жастар мәслихатына депутат сайлауында «Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ қалалық комиетінің қатысуы» тақырыбында сөйледі.

Білім бөлімінің әдіскері Д.Ж.Нұрмахамбетова «Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ қалалық комитетінің, балалар мектеп ұйымдарының волонтерлік қызметіне қатысты алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстардың жоспарына тоқталып өтті.

Қатысушылармен әңгімелесу барысында Гүлнар Тұрғановнаға балалар қозғалысын дамытумен байланысты сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Осылайша, мысалы, жазғы каникул барысында қала мектептерінің көшбасшылары үшін  балалар лагері жанында оқыту тренингілері мен сабақтарын жүргізу үшін жеке ауысым ұйымдастыру ұсынылды. 

Отырыс жұмысының аяқталу қорытындысы бойынша, қатысушылар балалар ұйымының қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар қолдау тапқандығын және сұрақтарға мейілінше толық жауап берілгендігі туралы атап өтті. 

Көшбасшылар кеңесі қаланың білім беру ұжымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша жалпы  ұсыныстарға енгізілетін бірқатар шешімдер қабылдады.