Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«SMART – педагог – кәсіби табысқа жол» байқауының республикалық туры туралы ақпарат

2017 жылдың 28, 29 қараша күндері Алматы қаласында «Өрлеу» БДҰО және «Micrоsoft» компаниясы өткізген «SMART – педагог: кәсіби табысқа жол» атты байқаудың республикалық туры болып өтті. Аталған байқаудың мақсаты – мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып үздік педагогикалық тәжірибені қорыту және кең тарату.  

Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша Өскемен қаласының «№ 2 жалпы білім беру мектебі» КММ директорының ТЭЖ жөніндегі орынбасары Пак Владимир Славдиевич 3-орынды иеленді.