Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жас мұғалімдер мектебі

2017 жылдың 8 желтоқсанында Өскемен қаласы әкімдігінің «№4 орта мектебі» КММ-де жас мұғалімдер мектебі аясында информатика және география пәнінің «Азия елдері бойынша саяхат» немесе «Табиғи өмірдегі жасанды парасат» атты интеграцияланған сабақ өтті. Сабақты жоғары санатты география пәнінің мұғалімдері Гатауллина Ольга Ивановна, Пименова Елена Викторовна өткізді. Оған қала мепктептерінің жас мұғалімдері, сондай-ақ № 4 мектеп әкімшілігі қатысты. Аталмыш шараның мақсаты: озық тәжірибені жас әріптестермен бөлісу. Сабақта жасанды парасат жүйелерін және Google компаниясының бұлтты технологияларын пайдалана отырып ойын технологиясы қолданылды. Сабақтың мұндай үлгісі күшейтілген функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру тақырыбы бойынша қорытынды сабақ ретінде, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналар үшін мектептегі ашық есік күніне ұсынылады. Қатысқан мұғалімдер осы сабаққа жоғары баға беріп, келешекте ынтымақтастық жасауға тілектерін білдірді.