Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Оқушылар шығармашылық сарайының «Менің заманымның кейіпкері» жобасы аясында өткізілген Қ.Х.Рахымбердинмен кездесу

2018 жылы 17 қаңтарда шығармашыл және тартымды тұлғалармен қатынасу арқылы әр түрлі кәсіптер туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту және тереңдету мақсатында, Оқушылар шығармашылық сарайының «Мәңгілік Ел» тәрбиелеу-білім беру орталығында «Менің заманымның кейіпкері» жобасының аясында Қ.Х.Рахымбердиевпен кездесу өткізілді.

Осындай кездесулер айына бір рет өткізіліп отырады және  ол жарқын, бір туар және міндетті түрде тартымды адаммен болатын шынайы әңгімелесу екендігін атап өткен жөн.

Қуат Хажымұханұлы заң ғылымдарының докторы, С.Аманжолов ат. ШҚМУ қылмыстық процесс және қылмыстық құқық кафедрасының меңгерушісі, Өскемен қалалық мәслихатының V шақырылымының депутаты, «Ақ жол» ҚДП мүшесі.

Бұдан басқа, Қуат Хажымұханұлы Адам құқығы бойынша халықаралық жоғары курстарында оқыған, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Біріккен ұлттар ұйымының қылмыстық және есірткі бойынша басқармасының,  БҰҰ адам құқығы бойынша басқармасының, БҰҰ Балалар қорының (Халықаралық балаларға көмек көрсету төтеншге фонды), «Халықаралық түрме реформасы» ХҚҰ сарапшысы,  Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы 2007, 2013ж.ж.» мемлекеттік грантының иегері, 5 монография және 40 ғылыми мақаланың авторы.       

Өскемен қаласының 8-11 сынып оқушылары кейіпкердің еңбек жолы, ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметі  туралы әңгімесін қызыға тыңдады, сауалдар қойып, балалар құқығы, ҚР заңнамасы туралы көп ақпарат алды. Кездесу аса жылы және достық жағдайда өтті. Кездесуге 90 адам қатысты.