Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Рухани жаңғыру –отбасынан басталады

2018 жылдың 11 қаңтар күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде «Рухани жаңғыру – отбасынан басталады» тақырыбында қамқоршылық кеңес пен ата-аналар кеңесінің  кезекті жиыны өткізілді.

Алдымен мектеп директоры Б.О.Садыков 2018 жылдың 10 қаңтар күні жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауының басым бағыттарымен таныстырды. Елбасының жыл сайынғы ұсынылатын маңызы терең ел мүддесін көтеру, ұлт болашағын нығайту мазмұнындағы жолдауы біздің әрі қарайғы бастамаларымызға бағыт беретініне сенімдіміз, деп ой қорытындылады ата-аналар.

Жиын барысында I - жарты жылдықта ата-аналармен жүргізілген жұмыстарға қорытынды шығарылып, мектебімізде оқу-тәрбие барысында алда атқарылатын іс-шаралар талқыланды. Жас ұрпаққа  сапалы білім мен саналы тәрбие  беруде  мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығы, сондай –ақ ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналған іс-шаралар ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.