Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Сертификатталған мектеп директорлары ассоциациясы қызметі шеңберінде өткізілген семинар-практикумы

9 ақпан 2018 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 13 орта мектебі» КММ «Білім дамуының заманауи сатысында оқушылардың оқудағы қызметттерін белсенді ету тәсілі ретіндегі критериалды бағалау» атты  сертификатталған мектеп директорлары ассоциациясы қызметі шеңберінде семинар-практикум өткізілді.

Семинар мақсаты – мектеп тәжірибесіне критериалды бағалауды енгізу мәселелерін анықтау және олардың шешу жолдарын көздеу.

Семинарға қала мектептерінің 19 директоры қатысты және ҚалББ әдістемелік кабинет басшысының М.А. А.Т. Кенжебаева қатысты. Семинар шеңберінде мектеп директоры Б.Т. Есенбердин сертификатталған мектеп мұғалімдері қауымдастығының жұмыс талдауын ұсынды және оқыту тәжірибесіне критериалды бағалауды енгізу мәселесін көтерді. Мектеп директорларына оқушылардың «дауысы», ата-аналардың «дауысы», мұғалімдердің «дауысы», мектеп әкімшілігінің «дауысы» ұсынылды, онда оқу үдерісінің қатысушылары білім мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері туралы өз ойларын айтты. Өзара топтық әрекеттестік барысында мектеп директорлары берілген ақпаратты талдады, және «Идеал» стратегиясын қолдана отырып, анықталған мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.

7 сыныптағы қазақ тілі (мұғалім Абдошева Б.Т.), 5 сыныптағы қазақ әдебиеті (мұғалім Есенбердина Р.Н.), 5 сыныптағы математика (мұғалім Бочкарева М.А.), 2 сыныптағы дүниетану (мұғалім Резникова В.Т.) шағын сабақтарын беру мектеп тәжірибесіне критериалды бағалауды енгізу тәжірибесін көрсетті. 

Семинар өзінің мақсатына жетті және қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.