Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қалалық семинар-практикум

Тақырып: «Педагогтар мен мамандардың біріктірілген ынтымақтастығы үрдісінің көпмәдениетті тілдік кеңістігінде балалардың сөйлеу белсенділігін дамыту»

          2018 жылдың 8 қаңтарында Өскемен қаласы әкімдігінің «№19 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ «Аружан» шағын орталығында «Педагогтар мен мамандардың біріктірілген ынтымақтастығы үрдісінің көпмәдениетті тілдік кеңістігінде балалардың сөйлеу белсенділігін дамыту» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өтті.

         Семинардың мақсаты: Үш тілде әлеуметтік-мәдени өзара әрекетке дайын баланың көпмәдениетті тұлғасын дамыту, құзіретті тұлғасын қалыптастыру.

         Семинарға шағын орталықтар мен балабақшалардан келген қонақтар, қаламыздың студенттерімен бірге ШҚГК педагогтары, №19 ҚББ МО КММ директоры Қ.Ф. Кикбаев, директордың ОІ жөніндегі орынбасары Т.М. Захарова  қатысты. Семинарға дайындық кезінде тәрбиеленушілерді ұйымдастыру мен презентацияны таныстыруда шағын орталықтың әдіскері Д.Т. Шпекбаева және шағын орталықтың барлық тәрбиешілері мен педагогтары белсенді атсалысты. Сонымен қатар, №12 ЖББМ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Л.Ю. Ветлугина «Көптілділік шеңберінде шағын орталық пен мектепке дейінгі сыныптың сабақтастығы» тақырыбында баяндама оқыды.

         Семинар № 19 ҚББ МО КММ директоры Қ.Ф. Кикбаевтың алғашқы құттықтау сөзімен ашылды. Ары қарай семинар шағын орталық әдіскері Д.Т. Шпекбаеваның келген қонақтарды танысу шеңберіне шақыруымен және барлық қатысушылардың жақсы тілектерімен жалғасын тапты.

         Жақсы көңіл-күймен семинар қатысушылары ашық сабақтарға қатысуға бөлінді.

         Тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттері мен зерттеу іскерліктерін, тіл мәдениеті мен үш тілде қарапайым қарым-қатынас жасай алу дағдыларын қалыптастыру бойынша қолданатын әдіс-тәсілдері туралы өз тәжірибелерімен бөліскен педагогтар Г.А.Серикпаеваның, О.Н.Медведеваның, Г.С.Жуебаеваның сабақтары жоғары деңгейде өтті.

         Ашық сабақтардан кейін қонақтарға балалар «Бауырсақтың туған күні» атты театрланған көрінісін және Н.В. Ткаченконың жетекшілігімен көңілді билерін көрсетті.

         Үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шағын орталықтың жұмысы туралы кеңінен баяндалған «Көптілділік аясында мектепке дейінгі шағын орталықтағы балалардың сөйлеу белсенділігін қалыптастыру әдістері» атты презентациясы көпшілік назарына ұсынылды.

         Қорытынды бөлімде қонақтар  №12 ЖББМ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Л.Ю. Ветлугинаның үштілділік аясында шағын орталық пен мектепке дейінгі сыныптың сабақтастығы туралы баяндамасын тыңдады.

         Семинар жұмысын талдай келе, семинар тақырыбының ашылғанын, негізгі мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асырылғанын атап өтуге болады. Семинар жоспары мұқият дайындалған және ойластырылған.

         Осы семинарды өткізу мен дайындығы кезінде кәсіби біліктіліктерін көрсеткен «Аружан» шағын орталығы ұжымының ұйымшыл жұмысын ерекше айтып өтуге болады.         

         Семинарға қатысушылар (біздің қонақтарымыз) әкімшілік жұмысы мен семинар-практикумды дайындаған бүкіл ұжымды жоғары бағалады.