Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Өзін-өзі тану» пәнінен он күндіктің күнделігі

Ақпан айының бірінші жұлдызы күні Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебінде» өзін-өзі тану пәнінен аға тәлімгер Абдрахманова Аида, Қабдылқұмарова Зәуренің ұйымдастырылуымен онкүндіктің ашылу салтанаты 2-11сыныптарға «Өзін-өзі тану:  сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанатты жиын  өткізілді. Ашылу салтанатында  оқушылар онкүндікте өткізілетін іс-шаралармен  танысты.

5-11 сыныптарда өзін –өзі тану мұғалімдері Башикова М.Ж және Ахметова Г.М «Жылы жүрек-жақсы тілек»  атты тілек жазу бұрышы ұйымдастырды.   Тілек жазу бұрышының мақсаты: жақыныңа жақсы тілек тілеу, тату болу, адамдармен сыйластықта, жақсы қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

2-6 сыныптарда өзін –өзі тану мұғалімдері Башикова М.Ж және Ахметова Г.М «Біз бақытты баламыз!» сурет көрмесін ұйымдастырды.   Сурет көрмесінің мақсаты: Оқушыларды адамгершілік құндылықтар әлеміне тарту болып табылады. Қоршаған әлемге махаббат және қуаныш сыйлап, сезімталдық, мейірімділік, рақымдылық көрсетіп, мейірімді болуға үйрету, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны дамыту. 

9-10 сыныптар арасында театрланған көрініс «Адамбыз ба?» тақырыбында Өнер колледжінде қойылым өткізді. Қойылымның мақсаты:
 Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтап, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. 

Мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» атты көрме ұйымдастырылды.   Бұл көрмемен 1-4 сынып аралығындағы оқушылар таныстырылды. Көрменің мақсаты: адам өзін рухани жетілдіру үшін, өзін-өзі танып білуі үшін  кітаппен дос болу және де мектеп өміріндегі кітапхананың маңызды рөлін түсіндіру.