Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Экологиялық брейн-ринг-2018» эрудиттер турнирі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп оқушылардың туған өлкесінің табиғаты туралы ой-өрісін кеңейту және экология туралы білімін тереңдету мақсатында 2018 жылдың 15 ақпанында Оқушылар шығармашылық сарайында «Мәңгілік Ел» оқыту-тәрбиелеу орталығы «Экологиялық брейн-ринг-2018» эрудиттер турнирін ұйымдастырды.
«Экологиялық брейн-ринг-2018» эрудиттер турнирі бағдарламасының басты кезеңдерінің бірі болып Өскемен қаласының экологиялық мәселесін шешуге қосқан олардың үлесі туралы мектеп оқушыларының презентациясы болды. Бұдан басқа, брейн-рингте «Табиғат жолдауын шеш» ойыны және «Экология білгірлері» блиц-турнирі өтті, ол жерде қатысушылар экологияның әр саласындағы өз білімдерін көрсетті. Байқауды «Қара жәшік» атауымен кезеңі аяқтады, онда қатысушылар кроссвордтар, жұмбақтар шешіп, мозайка жинады.
- Брейн-ринг тамаша өтті. Біз ойыннан керемет көңіл күй алдық, көп жаңа және қызықты ақпарат алдық,- деп №2 жалпы білім беру мектебі командасының қатысушысы Диана Горох өз әсерімен бөлісті.
Табанды күрес нәтижесінде «№36 орта мектеп» КММ командасы жеңіске жетті. Екінші орын «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «№8 орта мектеп» КММ, «№11Мектеп-лицейі» КММ алды, үшінші орын «№17 орта мектеп» КММ, «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясы» алды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, мадақтама қағаздармен марапатталды.
Қамту 40 адамды құрады.