Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Үштілділік білім беру - кіріктілген сабақ үрдісінде»

2018 жылдың 14 сәуірінде «Жалпы білім беретін №12 мектеп» КММ қазақ тілі мұғалімідеріне арналған «Үштілділік білім беру-кіріктірілген сабақ үрдісінде» атты қалалық семинар өткізді. Мұғалімдер назарына кіріктірілген бес ашық сабақ ұсынылды.Қазақ тілі мен дүниетану пәндері бойынша кіріктірілген сабақ 2 «В» сыныбында Кизатаева А.Т мен Зубарева Ю.В өткізді.Бұл мұғалімдер тәжірибелік әдістер арқылы пайдалы және зиян сусындардың қасиетін көрсетті. 3 «А» сыныбында Кучубаева Н.М мен Желудкова О.С қазақ тілі мен математика сабағын кіріктіру арқылы «Менің туған күнім» атты ашық сабақ көрсетті. Қатысушы мұғалімдер екі сабақтың кіріктірілуі арқылы төрт дағдының іске асуын көрді. 4 «А» сыныбында Шөкеева А.М «Жетіліктер сайысы» атты жарыс- сабақ өткізді. Жарыста оқушылар өз білімдері мен дағдыларын жетік көрсетті. «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» атты қазақ тілі мен алгебра пәнінің кіріктірілуі арқылы 7 «А» сыныбында ашық сабақ көрсетілді. Бұл сабақ мұғалімдер тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Мектеп директорының үнемі кіріктірілген сабақтар өтізіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісуін қатысушы мұғалімдер атап өтті.Сабақтың тәрбиелік мәні өте зор болды. Сабақ барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша формативті бағалау түрі өз деңгейінде тиімді көрсетілді. Смагулова Н.Ж мен Клиновицкая С.В қазақ тілі мен ағылшын пәнінен «Қазақстанның этно-рок тобы Ұлытау» атты ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында оқушылар қазақ және ағылшын тілдерін жетік білетіндерін тең дәрежеде көрсетті.
Жоғары санатты мұғалім Кучубаева Н.М мектепте өткен кіріктірілген сабақтар туралы шеберлік сыныбын көрсетіп, іс-тәждірибесімен бөлісті. Өткізілген сыныптан тыс жұмыстар мен хормен айтылатын өлеңдерге мұғалімдер жоғары баға берді.
Әр топ спикерлері өткізілген кіріктірілген ашық сабақтарға, семинар ға жоғары баға берді. Мектеп әкімшілігіне қалалық семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты.