Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Білімді ұрпақ –болашақ тірегі» атты қалалық семинар

№18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайында «Білімді ұрпақ –болашақ тірегі» атты қалалық семинар өтті. Ұйымдастырылған семинарға қалалық білім бөлімінен А.К.Ережепова, А.Т.Кенжебаева, Г.М.Кусаинова, дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің меңгерушісі Н.В.Ахаева және балабақша тәрбиешілері  қатысты.

Семинарды балабақша директоры И.М.Ильдебаева ашты. Өз сөзінде жалпы балабақша өмірімен қысқаша таныстырып өтті.

№18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайында тәрбиеленушілердің бойында патриоттық сезім ұялату мақсатында тынбай жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.

Ұйымдастырылып отырған семинар бағдарламасымен балабақша әдіскері М.Д.Токтаганова таныстырды.

Ересек және ортаңғы топтарда өтілетін ұйымдастырылған оқу қызметтерінде  «VALEO» зияткерлік-дамытушы ойын жиынтығын пайдаланылатындығын айтты.

«Ойынның бұл жиынтығын пайдалану денсаулықты сақтау  ортасын  құру кезінде,  экологиялық таза құралдардан геометриялық фигуралар құрастыру, сабақты жоспарлы түрде  ұтымды ұйымдастыруға, басқа әдістемелермен біріктіруге және  шашауды басуға, зерделі жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатуға , валео үзілістер, сергіту сәттерін өткізу жақсы мүмкіндік береді»
Семинар бағдарламасына сай келген қонақтар екі топқа бөлініп «Ботақан» ересектер тобында «Тапқыр достар» және «Көгершін» ортаңғы тобында «Көктем келбеті» атты кіріктірілген оқу қызметтерін көрді.
Келесі кезекте семинарға қатысушылар музыка жетекшісі Жайнагуль Кашейдің жетекшілігімен «Ертөстік» мюзиклін тамашалады. Сан түрлі өнердің әсерлі ерекшеліктерін біріктіріп көрсететін музыкалық-сахналық қойылым келген қонақтардың жүрегін дір еткізіп, ұлттық, патриоттық сезімдерін оятып, көздеріне жас алдырды.
Семинар соңында «Нысана» рефлексиясы ұйымдастырылып,  төрт көрсеткіш  бойынша,  яғни көк түс (қызықты емес), қызыл түс (қызықты болды), сары түс (қажет деп ойлаймын), жасыл түсі(жаңашылдық) қорытындысы шығарылды.