Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Полиглот» жобасы аясында өдебиеттен өткен оқушылар олимпиадасы

2015 - 2020 жылдарға арналған Үштілділікті білім берудің Кешенді жоспарын және қалалық «Полиглот» жобасын  жүзеге асыру мақсатында қала мектептерінің 6, 8 сынып оқушылары арасында әдебиеттен олимпиада болып өтті.

Олимпиадаға қазақ мектептерінің оқушылары орыс әдебиетінен, орыс мектептерінің оқушылары қазақ әдебиетінен қатысты.

Оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша тест шешіп, ақын-жазушылар шығармаларының авторлары мен шығарма тақырыбын анықтады.

Олимпиадаға барлығы 67 оқушы қатысып, оның 27-сі (40,29 %) жүлдегер атанды. Жүлдегерлер қалалық білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.