Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Шаттық  толқыны

 Биыл сайдың  тасындай болып иректелген, балалар және жасөспірімдер музыкалық ансамбльдермен оркестрлер  Халықаралық балалар  қорғау күніне арналған   шеруге  қатысады. «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Мұрагер» сынып оқушылары да сол шеруге  қатысады. Қатар-қатар тізіліп  домбыра  шертіп  тұрған оқушылардың  көздерінен жалындаған отты көрген  кез-келген адам сүйсінері анық. Оқушылардың домбырада шебер ойнайтындары соншалық күй асау өзеннің ағысындай болып тулап,  таңғы құстардың  сайрағанындай тамылжығанда күймен  бірге тербеледі. Сол күйдін жұдырықтай  ғана  жүректерден шығып жатқанына сену қиын. Ал кішкентай ғана домбырашылардың жүзінде, қуаныш, шаттық, бақытты балалықты көреміз! Дайындықтар №1,5,14,35,43Орта  мектептерінде өтіп жатыр. Шеруге дайындығымыз қарқынды жалғасуда.