Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жас ғалым» атты халықаралық ғылыми байқауға қатысуы

Өскемен қаласының оқушылары 2018 жылдың 24 ақпан мен  6 наурыз аралығында Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында жыл сайын өтетін «Жас ғалым» атты халықаралық ғылыми байқауға қатысты. 

«Жас ғалым» атты халықаралық ғылыми байқауға қатысу оқушылардың ізденіс-зерттеу қызметіне деген қызығушылықтарын оятып, ғылыми ойлау нәтижелерінің  деңгейін көтеруді насихаттай отырып, Кореяның жоғары оқу орындарымен байланыс жасап,  шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Ал жеңіс тұғырынан көріну – біздің оқушылардың дарындылығын тағы да паш етті.

Екінші деңгей дипломын «О.Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ 10 сынып оқушысы Сабина Казбек жеңіп алса, үшінші деңгей дипломымен  «№ 47 орта мектебі» КММ 9 сынып оқушысы Тимур Сайлаубеков марапатталды. 

 Балаларды, оның ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Жеңіс пен табыс биігінен  көріне беріңдер!