Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Балалықты және отбасын қолдау орталығы мамандарының оқыту семинары

Балалықты және отбасын қолдау орталығының мамандарымен № 4 орта мектебінде мектеп психологтарына арналған «Жоғалту және айрылу жағдайында психолог жұмысының механизмдері. Дағдарыс жағдайында алғашқы көмек көрсету» семинар-практикумы өткізілді.  

Семинар мақсаты: дағдарыстың, жарақаттың, жоғалтудың (қайғы) нақты жағдайларымен жұмыс кезінде психологтардың кәсіби білім мен дағды деңгейін арттыру, оның нәтижелілігі және мақсаттылығы тұрғысынан тәжірибені қолдануда өз ұстанымын сезіну.

Дағдарыс жағдайы жөніндегі психолог Т. Ю. Сорокина теориялық бөлім барысында психологтардың "жарақат", "дағдарыс", "жоғалту" ұғымдары туралы көзқарастарын кеңейтті; уайымдау және қайғыру кезеңдерімен, тұлғаның қай кезеңде тұрғанын анықтауға болатын белгілерімен таныстырды.

Практикалық бөлімде Балалықты және отбасын қолдау орталығының директоры, тәжірибелеуші психолог Л.П.Куземко арт-терапия әдістерін, қайғы, жоғалту, айрылу, дағдарыс кезінде көмек көрсету үшін тиімді құрал ретіндегі метафорикалық ассоциативті карталар мүмкіндіктерін көрсетті. Психологтардың нақты жағдайлар мысалындағы теориялық білімді қолдану және практикалық іскерлікті таныту мүмкіндіктері болды. Семинар нәтижелері бойынша рефлексивті картаны талдау педагог-психологтардың осы саладағы білім мен құзыреттілігінің айтарлықтай өсуін анықтауға мүмкіндік берді. Мамандармен практикалық қызметте пайдалануға арналған үлестірмелі материал психологтарға берілді.