Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жаңа білім беру мазмұны аясында әдебиетті оқытудың түйінді мәселелері» атты қалалық семинар

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Өскемен қаласының «№24 орта мектебі» КММ-нде қалалық әдебиет пәнінің шығармашылық тобы «ЖББМ аясында әдебиетті оқытудың түйінді мәселелері» тақырыбы бойынша практикалық семинарын өткізді.

Басты мақсат: Білім берудің жаңа форматына сай, әдебиетті оқытудағы өзгерістерді талқылау, пәнді оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.

Семинар әдебиетті оқытудың басты аспектілерін қамти келе, ЖББМ бойынша аталған пәнді оқытудағы түйткілді мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.

Қала мұғалімдері өз ойлары мен тәжірибелерін ортаға салды. Жиналған жас мамандармен қатар тәжірибелі мұғалімдер үшін де семинар өте маңызды әрі тиімді болды. Семинар өте жоғары дәрежеде өтті.

Семинарды ұйымдастырушылар: ЖББМ бойынша әдебиет пәнінен шығармашылық топ мүшелері Алимсаева А.Т. - «№ 24 орта мектебі» КММ, . Ихсанова Г.С. - «№ 36 орта мектебі» КММ, Кияшова Н.Т. -  «Ахмер орта мектебі» КММ.