Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«2018 жылы білім алушылардың қорытынды аттестаттауын және Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру  және өткізу» тақырыбында семинар - кеңесі

3, 4 мамыр күндері  «Жас техниктер станциясы» КМҚК базасында «2018 жылы білім алушылардың қорытынды аттестаттауын және Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбында қалалық семинар - кеңесі өткізілді.

Семинардың жұмысына мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары қатысты.

Қатысушылардың алдында Өскемен қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Нурпеисова А. З.  сөз сөйледі. Айбарша Зейноллановна  өз сөзінде «2018  жылы ұлттық бірынғай тестілеу мен  аяқтау   қорытынды
аттестаттауды  ұйымдастыру және өткізу » тақырыбында республикалық семинардың ұсыныстарымен таныстырып, 2018 жылы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және Ұлттық біріңғай тестілеуді өткізу тәртібі мен ұйымдастыру мәселелерін түсіндірді, қорытынды аттестаттауды және ҰБТ ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды.

Семинарға қатысушылар білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға дайындау, қорытынды аттестаттауды,  ҰБТ –ны өткізу тәртібі, және т. б. сұрақтарды талқылады.