Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Үлкен теннис фестивалі

2018 жылғы 18 мамырда ШҚО теннис федерациясында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мектеп жасына дейінгі балалар арасында үлкен теннистен фестиваль болып өтті. Фестивальға Өскемен қаласының 6 балабақшасы қатысты.

«№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК «Непоседы» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері аталған фестивальға қатысып, өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын және ракетканы меңгеру іскерліктерін көрсетті. Федерацияның тәжірибелі жаттықтырушылары балаларды үлкен теннистің қыр-сырына үйретті. Балалар көптеген жағымды әсер алып, мадақтамалар мен тәттілерге ие болды. Дене шынықтыру бойынша нұсқаушы Оспанова Г.М. белсенді қатысқаны үшін дипломмен мараптатталды.