Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Балабақша мен мектеп сабақтастығы

«№3 Балбөбек балабақша бөбекжайы» КМҚК мен №26 орта мектептің «Күншуақ» шағын орталығының сабақтастығын жүзеге асыру жоспарына сәйкес 2018 жылғы 17-18 мамыр күндері балабақшаның ересек топ тәрбиеленушілері мектепке барды. Мектеп әкімшілігі балаларға мектеп ішіне топсаяхат ұйымдастырды, сыныптарға, кітапханаға, жаттығу залына барды. Дене шынықтыру нұсқаушылары Оспанова Г.М., Түсүпов С.К. және Нұрмұхамбет А.С. «Батыл, епті, шапшаң» атты балалардың бірлескен ойын-сауығын ұйымдастырды. Сайыстың барлық кезеңдері қызу бәсекеде өтті. Жанкүйерлер өз командаларына қолдау көрсетті. Барлық командалар мадақтамалармен, сергектікпен және жағымды әсермен марапатталды.