Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

№15 «Рахат» балабақша –бөбекжайында балабақшамен қоштасуға ертеңгіліктер өтті

2018 жылдың 17-18 мамыр аралығында, ортаңғы топта «Балабақшам балалықтың бесігі», ересек топта «Әр бала бір жұлдыз» атты тақырыпта ертеңгіліктер өтті. Ертеңгілікке ата – аналар белсене ат салысты. «Айсәуле» тобының ата –аналары өздерінің ерекшеліктерімен көзге түсті.

Ересек топтарының балалары тақырыпқа сай ән айтып би билеп, ана тілінде, ағылшын және орыс тілдерінде тақпақтар айтып, ән шырқап көрерменді таң қалдырды. Балабақша түлектерінен құрылған ансамбльдің орындауындағы аспаптық жанр үлкен қошеметке ие болып, ата - аналары музыка жетекшілері Ткежанова А. Е. мен Бабақанова А. С.   ризашылықтарын білдірді.

Балабақшамыздың директоры Капезова Сара Баймұханқызы балабақшаның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан  ата-аналарға рахметін айтып, алғыс хатпен мадақтады. Мереке соңында  балалардың  ата-аналары  ізгі тілектерін  білдіріп, ақ жаулықты әжелеріміз ақ батасын берді, ересек, ортаңғы  тобының тәрбиеленушілері қимастықпен балабақшамен  қоштасты.  Аулаға шығып шарларын ұшырды.