Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жанұя» атты фестиваль өтті

2018 жылғы 20 мамырда Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасын және балалықты қолдау орталығы» КМҚК Бала асырап алу орталығымен бірлесіп балалар мен отбасыларға арналған психологиялық «Жанұя» фестивалін өткізді. Фестивальдің негізгі міндеті: отбасының тәрбиелік құзыретін және ата-аналардың психоло-педагогикалық сауаттылығын арттыру, бала асырап алу, отбасы және баланың бейімделу кезінде кездесетін дағдарыстарды, қиындықтарды жеңуге көмектесу болды.

 Жұмыс барысында балалар және олардың ата-аналарына    қаламыздың жетекші педегог-психологтары, коучтары келесі тақырыптарда шеберлік сыныптарын өткізді:  «Құпиялар еліне саяхат»(Коваленко О.В.), «Баламен тілдесу құпиялары»(Нурек М..), «Қиял әлемі»(глинотерапия)(Сергиенко О.А.), «Сезімдер әлемі»(Сорокина Т.Ю.), «Ересек балалар және ата-аналар: жан-жақты қарсылықтар»(Марянян К.А.), «Балалар неліктен өтірік айтады»(Алексеева С.), «Мен бала асырап алғым келеді»(Абишева Л.), «Аутизм. Диагностика және түзету мәселелері»(Пак О.). Ата-аналар құнды білімдер алды, ал балалар болса қызықты әрі пайдалы демалыс уақыттарын өткізді.

Фестиваль соңында көптеген жағымды пікірлер тыңдалды, бұл болашақта да мұндай іс-шараларды ұйымдастыруға түрткі болары анық.