Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Балабақшадағы жазғы сауықтыру кезеңі

Жазғы сауықтыру кезеңінің жоспарына сәйкес Өскемен қаласы әкімдігінің «№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК педагогтары қатарлас топ балаларына арнап дене шынықтыру-сауықтыру ойын-сауығын ұйымдастырды. Карлсон мен Петрушка балалармен көңілді эстафета жүргізді. Балалар спорттық эстафетаға белсене қатысты. Аулада көтеріңкі көңіл-күй орнап, сыңғырлаған бала күлкісі естілді.