Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мемлекеттік рәміздер күні

Рәміздер күні - барша қазақстандықтардың елге деген мақтанышын, патриотизм мен азаматтық сезімді оятатын мереке.

4 маусым күні  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Өскемен қаласы әкімдігінің "№100 балабақша-бөбекжайы"КМҚК  тәрбиешілер  тәрбие сағаттарын  өткізді. Мерекелік  шарадан кейін балаларға арналған «Көк  ту және достар » мултьфильмі көрсетілді.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.