Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Отбасын және балалықты қолдау орталығының «Балаларды еңбекке қанауға қарсы 12күн күрес» Ұлттық ақпараттық науқаны бойынша жұмыс қорытындысы

12 маусымда Әлемдік балалар еңбегімен күрес күні атап өтіледі. Бұл мәселе біздің мемлекетіміз үшін де өзекті. Ересектердің міндеті – заманауи жағдайларға кәмелетке толмағандар еңбегіннің заңдылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету.

«Балаларды еңбекке қанауға қарсы 12күн күрес» Ұлттық ақпараттық науқаны  аясында  балалар еңбегін пайдалану мәселесіне қоғам назарын аударту және балаларды қанаудың алдын-алу мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің  Отбасын және балалықты қолдау орталығы мамандары  іс-шаралар легін өткізді.

1 маусым – балаларды қорғау күні – орталықтың заңгердік қызметі қала саябақтарында Қоғамдық қабылдау жұмысын ұйымдастырды, мұнда жасөспірімдер мен олардың ата-аналары  кәмелеттік жасқа толмағандарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша кеңес алуға мүмкіндіктері болды. Ақпараттық науқан аясында ересектер мен жастарға (ҚР кәмелеттік жасқа толмағандар еңбегінің ерекшеліктері», «Сенің жұмысың- сенің жауапкершілігің», «Жұмысқа қауіпсіз орналасу ережелері» тақырыбында флаерлер мен бүктемелер таратылды.

Сондай-ақ, орталық сайтында, Instagramm, Вконтакте, Facebook әлеуметтік желілері мен қауымдастықтарда балалар еңбегінің ең нашар түрлері мен оларды болдырмау туралы кеңестер берілген мақалалар жарияланды: «Балалар еңбегінің ең нашар түрлері», «Бала еңбегіне жоқ дейміз»,  «Заманауи әлемде балалар еңбегін қанау мәселесі».

8 маусым күні № 1, 6, 10, 11,14,18, 29 қала мектептерінің оқушылары үшін  жазғы демалыс кезінде жұмысқа орналасуға ниет білдіргендерге  мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қауіпсіз жұмыспен қамту» атты семинар өтті. Семинар барысында кәмелетке толмағандар еңбек заңнамасымен танысып, жұмысқа орналасу кезінде келісім-шарт жасау, және жұмысқа орналасу кезінде кездесетін заң бұзушылықтар туралы ойын-тәжірибе арқылы білімдерін толықтырды. Қатысушылар барлық қызықты сұрақтарға жауап ала алды.

Жаз  мезгілінде қала мектептерінің жасөспірімдерін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында орталықта жұмысқа орналасуға көмектесетін «Жұмысқа орналастыру бюросы» қызмет атқарады. 1-12 маусым аралығында 42 жасөспірім бұл көмекке жүгінді. Олардың 15 «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу үшін Жастар орталығына жолданжы. Жасөспірімдерге  арналған бос жұмыс орындары туралы  ақпарат күнделікті жиналады және жаңартылып отырады.

Оқушылар шығармашылық сарайында ОжБҚО заңгері Забеновамен балаларды қанауды жою мәселесіне арналған көрме ұйымдастырылды.

Күн сайыно орталықтың әлеуметтік-құқықтық қызмет мамандары Жамбыл атындағы саябақта және көшелерде ақпараттық науқандар жүргізді.

Іс-шараларға жалпы саны 1500-ден астам адам қатысты.